29.03.2022, 11:40
Оқылды: 31

Батыр ана 95 жасқа толды

Қалима Мұханбетжанова бұрынғы Орал облысының Бекей ауылында 1927 жылы Құбашевтар отбасында дүниеге келген.

EC03F8DF-64CA-41B2-81EC-1CB80BC6A561

13 жасында Ұлы Отан соғысы басталып, тылдағы еңбекке қаршадайынан араласқан.
Зұлмат жылдарда Бекейдегі Есенгелді байдың жылқылары сыймай, Жамбылға көшуге тура келген.
Кейуана Ұлы Отан соғысының 50 жылдығынан бастап «Жеңіс күні» мерекелік медалімен марапатталып келсе, одан бөлек «Еңбек ардагері», «Батыр ана», «Ана даңқы» І, ІІ дәрежелі ордендерін өңіріне таққан.

Бүгінде Қалима Құбашқызы 10 баласынан 14 немере, 15 жиен-шөбере, 1 шөпшек, 21 жиеншар көріп отыр.
Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Қалима ананы Сырым ауданы әкімі атынан аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, Бұлан ауылының әкімі Мұрат Әділгереев арнайы құттықтап, иығына қамзол-шарқат жапты.
Қалима Құбашқызы естеліктерімен бөлісті.

Әжей «Жаңа Қазақстанға аттағалы отырсыздар, болашақ жарқын болсын, амандығыңызды тілеймін» деп қонақтардың сөзіне риза болып, батасын берді. 

 Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале