8.05.2024, 17:17
Оқылды: 40

Батыр атындағы мектепте аймақтық-ғылыми конференция өтті

Кеше Казталов ауданынан шалғай жатқан Жұлдыз ауылында Кеңес Одағының  батыры А.Хұсайыновтың  туғанына 100 жыл және Батыр атындағы мектептің  ашылғанына 70 жыл толуына орай  «Ер елімен еңселі» атты аймақтық-ғылыми конференция өтті.

FB_IMG_1715078380264

Конференцияның ашылу салтанатында сөз алған  мектеп директоры Салауат Амангелдіұлы Бекманов барша жерлестерді мектептің мерейтойымен құттықтады. Содан кейін Кеңес Одағының Батырының бюстіне жиені Жақсылық Ерғалиев, шәкірті Теміржан, ардагер ұстаздар Альфия Чекаева  мен Ұлғаным  Құрманова гүл шоқтарын қойды.

Шара барысында бастауыш сынып оқушылары А.Хұсайынов, Жұлдыз туралы өлеңдерін оқыса, өнерпаздар әсем әнмен, көркем бимен шара шырайын аша түсті.

FB_IMG_1715078373780

Мектеп президенті Аруай Мирасқызы мектеп тарихымен таныстырып өтті. Тағылымы мол шараның өлкетану бұрышы «Туған жер. Мектеп тарихы. А.Хұсайынов» сынды 3 бөлімнен тұрды. Таныстыру негізінде спорт саласында жеткен жетістіктер  көрсетілді. Конференцияға аймақтық 5 спикер, яғни А.Хұсайынов атындағы ЖОББМ, М.Жүнісов атындағы НЖББМ, Н.Дүйсенғалиев атындағы НЖББМ, Қарасу ЖОББМ, Көктерек ЖОББМ-нің баяндамашылары туған жерлерінен шыққан ұлы тұлғаларын таныстырып, тың ақпараттармен бөлісті.

FB_IMG_1715078390455

Көршілес Бөкейорда ауданы, Мұратсай ауылынан А.Хұсайынов атындағы ЖОББМ директоры Нұрсұлу Сәбитқызы құттықтау сөз сөйлеп, естелік сыйлық табыстады. Конференция барысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева құттықтау сөз сөйледі.  тілегін арнады. Сондай-ақ Батыр атамыздың жиені Жақсылық Ерғалиев ағамыз нағашысы туралы және шәкірті Теміржан аға ұстазы туралы жылы естеліктерімен бөлісті.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале