20.11.2022, 9:58
Оқылды: 32

Батырғалиевтар батыл қадам жасады

Теректі ауданы аумағындағы 42 сайлау учаскесі салтанатты жиынмен ашылып, белгілеген таңғы сағат  7.00-де қызметін бастады.

батырғалиевтар

Ауыл халқы сайлау учаскелеріне толассыз келіп жатыр.

Әсіресе, жастар Президенттің кезектен тыс сайлауына белсенді қатысуда.

Сайлау учаскесіне біріншілер қатарында келген аңқатылық, алғаш рет дауыс беруші Рауан Қайырғалиев «Елімнің жарқын болашағы үшін өз дауысымды бердім» деп азаматтық көзқарасын білдірді.

батыргалиеввв

Аңқатылық жас отбасы Азамат Батырғалиев пен Айару Неғметолла да таңнан келіп, алғашқылардың қатарында дауыс берді.

- Бүгін отбасымыз үшін айтулы күн десем қателескенім емес. Жолдасым екеуміз әділетті, қуатты, жарқын ел үшін өз таңдауымызды жасадық. Ел тағдырындағы маңызды қадамнан тысқары қалуға болмайды. Біздің таңдауымыз маңызды дейді,- Айару Кеңесқызы.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале