2.06.2017, 17:48
Оқылды: 58

Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған қайырымдылық концерт өтті

Zelenov Shykenov  Зеленов ауданында танымал сазгер, қазақстандық және ресейлік әнші, белігі A`Studio тобының құрамында өнер көрсеткен Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған қайырымдылық концерт ұйымдастырылды.


   Батырхан Қамалұлы 1962 жылы 18 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ата-анасының ортаншы ұлы еді. 1979 жылы Қызылордадағы Островский атындағы №233 орта мектепті аяқтады. Мектепте жүргенде музыка үйірмесіне қатысып, ал мектептен кейін бірден Ленинградтағы Н.К.Крупская атындағы мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түседі. Осы оқу орнында екі жыл саксофонның оркестрлік бөлімінде білім алған. 1981 жылы Алматыдағы  Қ.Сағырбайұлы атындағы мемлекеттік консерваторияға ауысады. Алматыда  Б.Серкебаев, В.Миклошич, Б.Сыздыков секілді музыканттармен табысып, алдынғылар өз  музыкалық топтарында саксофонист болуға өтініш білдірді. Ұжымның құрамында Батырхан инструменталдық джаз композицияларын орындаған. Кейін музыканттар «Алма-Ата» тобын құрады. 1989 жылы алғашқы бүкілодақтық хиты «Джулияны» шығарады.  Кейін «A`Studio» бүкіл елге танымал бола түсті. Тығыз гастрольдық кестелер, жазылымдар, Батырдың орындауындағы жаңа әндер. 2013 жылы Батырханның соңғы «Душа» альбомы шықты. 2015 жылы әртіс «Россия-1» телеарнасындағы «Один в один!» музыкалық бағдарламасына қатысады.

  - Халықтың ықыласы ерекше болды. Кештен түскен қаржы Алматы қаласындағы Б.Шүкенов атындағы қайырымдылық қорына аударылатын болады. Алла сәтін салса, еске алу кеші жыл сайын өткізіліп, дәстүрлі түрде жалғасын таппақ,-дейді Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, кешті ұйымдастырушы Марат Сарбөпеев.

  Кеште Орал қаласынан келген «Жібек жолы», «Бипл», облыстық филармония жанындағы «Ән қанатында», Ақжайық ауданынан «Арман»,  тасқалалық «ВИА Тасқала», жерлестеріміз «Скифы» топтары өнер көрсетіп, марқұмның әндерін орындады.

  Батырханды танытқан «Джулиямен»  қоса, біршама әндері орындалып, қалың көпшілік қосыла әндерін шырқады.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале