29.05.2023, 17:00
Оқылды: 67

Батысқазақстандық спортшы үмітті ақтады

Жуырда еліміздің оңтүстігіндегі Тараз қаласында «TARAZ HALF MARATHON 2023» жартылай марафоны өтті.

фото Оксана

Бұл жүлделі жарысқа ауданымызға белгілі желаяқ, облыс көлемінде де жетістіктерімен көзге түсіп үлгерген жерлесіміз Оксана Рудь аттанған болатын. «Аудан, облыс намысын қолдан бермеймін» деген желаяқ қыз сөзінде тұрды. 10 шақырымды 52:47 секундта жүгіріп өткен Оксана жүлделі III орынға табан тіреп, бапкерлерінің де, тілеулестерінің де үмітін ақтады.

Оксана алдына нақты мақсат қоя білетін, әр күнін жаттығумен өткізіп, өзін өзі қамшылаудан танбайтын спортшы. Ол облыс, республика көлемінде өтетін сайыстарға қатысу арқылы мол тәжірибе жинап, түпкі нәтижеге жету үшін бағыт аламын дейді.

                                                                                                                           Гүлім Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале