19.10.2021, 11:58
Оқылды: 70

Бейбіт елдің батырлары

Теректі аудандық мәдениет үйінде ҚР құтқарушылар күніне орай салтанатты шара өтті. Биыл елімізде азаматтық қорғаныс қызметінің құрылғанына 26 жыл толды.

WhatsApp Image 2021-10-19 at 11.56.06

Құтқарушы мамандардың басты міндеті — халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу.

Кәсіби мереке иелерін құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов халыққа көрсеткен қалтқысыз еңбегі үшін бірқатар қызметкерлерді марапаттады. БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің алғысхатымен Қ.Жанғалиев (Ақсуат ауылдық әкімі аппаратының бас маманы), Ж.Жексенов (Ақжайық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ шебері), Ғ.Ашығалиев  («Ақас» шаруа қожалығы басшысы), Б.Нығметжановқа (аудандық  төтенше жағдайлар бөлімінің бас инженері) табысталды. Сондай-ақ БҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Елнұр Өтегеновтың алғысхатымен  Т.Бисенғалиұлы  (Долин ауылының әкімі), Ж.Ахметов (Ақсуат ауылының әкімі), С.Жолдығалиев (Подстепный а.о. әкімінің орынбасары) марапатталды.

WhatsApp Image 2021-10-19 at 11.56.03

Теректі ауданы әкімінің м.а. Амангелді Кәрімұлының атынан Қ.Есенғалиев, Ғ.Блял, А.Данильчук, М.Назаров, Б.Блялов, Р.Есентаев, А.Мұхамбетов, А.Жанабаев, Р.Туркеев алғысхатқа ие болды.

БҚО департаменті, Теректі ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Жарас Көпжасаров та құтқарушы қызметкерлерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, құтқарушылар күніне орай аудандық волейболдан І орын алған Подстепный а.о. командасы, ІІ орын Федоровка қазақ мектебі, ІІІ орын Аңқаты ауылдық командасы мүшелеріне алғысхат табыстады. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясымен Н.Салжанов, «Үздік байланыстырушы» Е.Мырзағалиев және «Үздік шабуылшы» аталымын А.Қазиев жеңіп алды.

Марапаттау рәсімі  одан әрі концертке ұласты.

 Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале