15.02.2017, 14:48
Оқылды: 39

Бейбіт күнге жететін ештеңе жоқ

Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов Ауған соғысының ардагерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.


Аудан басшысы сол сұрапылға қатысқандардың ерлігі, сарбаз антына адалдығы жас ұрпақ үшін өнеге деді. Бұдан соң әкім алыстағы Ауған жерінде ерлікпен мерт болған чапаевтық Нығыметолла Тілеулиннің анасы 80 жастағы Сақыш Нұржановаға естелік сыйлық тапсырды.

Кездесуде сөз алған Станислав Ложкин (Чапаев), Сағадат Оразғалиев (Көнеккеткен), Бауыржан Ізімов (Қарауылтөбе) жастарды тәуелсіз еліміздің Қарулы Күштері қатарына жан-жақты дайындау жайында сөз саптады. Айта кетейік, Ауған соғысына ақжайықтық 56 жауынгер қатысқан.

Борис МЫРЗАҒАЛИЕВ,

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Таңатар СӘРСЕНҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале