4.12.2019, 16:45
Оқылды: 37

«Белсенді шебер» аталымын иеленді

Сырым ауданының Сырым колледжі базасында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2019 жылғы жоспарына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас өндірістік оқыту шеберлері  арасында  «Шеберлер күні» атты облыстық  байқау өтті.

janibek (2)

Байқаудың басты мақсаты - өндірістік шеберлер арасында техникалық және кәсіптік  білім беруде бәсекеге қабілетті маман даярлау, өз ісін жетік меңгерген, ойы ұшқыр, кәсіби  білікті, шығармашыл өндіріс шеберлерін айқындау және  шығармашылықпен жұмыстанатын өндірістік оқыту шеберлеріне қолдау көрсету, кәсіби деңгейін көтеруге ынталандыру. Алғашқы кезекте байқаудың бағдарламасы бойынша «Менің мамандығым – менің мақтанышым» шығармашылық таныстыру, «Ізденімпаз жас шебер – ертеңгі құзыретті маман» шеберлік сынып, «Мен маман ретінде: болашақтағы ұстанымдарым» педагогикалық зертханасы  кезеңдері өткізілді.

janibek (1)

Сонымен, облыстағы 18 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысқан бұл байқауда Жәнібек колледжіндегі өндірістік оқыту шебері Н.Хаирлиев өз шеберлігін сынап, байқау қортындысында  «Белсенді шебер» аталымына ие болды.

Гүлім Қабдолова

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале