28.04.2021, 10:02
Оқылды: 96

Береке тату елге қонады

Қазақстанның шаңырағы ұлттар татулығының алтын арқауы іспетті. Татулықты ту еткен елімізде әр ұлт өкілдеріне өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін сақтауға толық жағдай жасалып отыр. Кез-келген ел іргесінің берік, мемлекеттілігінің тұрақты болуының бірден-бір кепілі халқының ауызбіршілігі мен татулығына және мақсат ортақтығы мен мұрат бірлігіне байланысты. Ал біздің мақсатымыз айқын, мұратымыз – мәңгілік ел.

самарцева1

Халық нақылы «Бақ ынтымағы жарасқан елге қонады», - дейді. Сондықтан көпұлтты еліміздің береке-бірлігі жойылмасын. Әрқашан ынтымағымыз бен бірлігіміз артып, бір қолдың саласындай, бір атаның баласындай тату-тәтті ғұмыр кеше берейік. Татулық пен достықтың беки түсуіне ұдайы мүдделі этномәдени орталықтардың жұмысын көріп, тәуелсіздігіміздің нық, тыныштығымыздың өміршең екеніне риясыз сенесің. Осы уақытқа дейін бірлестіктің қатары өсіп, толып, жеңісті де жемісті жұмыс жасап келеді. Қазақстан атты шаңыраққа уық боп қадалған татар жұрты ел дамуына өз үлесін қосуды басты мақсат санайды және елдегі татулықтың нығаюына үлес қоса береді.

 

                                                                                    Руза Самарцева,

                                                                       «Мариям» татар этно-мәдени

                                                                         орталығының жетекшісі

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале