6.04.2020, 18:42
Оқылды: 230

«Берекелі жамағат» Бөрлідегі  блок-бекеттерге ыстық тамақ апарды

Еліміз коронавируспен күреске барын салып жатқанда еріктілер де қолдарынан келгенді жасап, игі істердің еселенуіне жұмыс жасауда.

70C18082-18FD-41D3-92C1-AA9BC63C77CB

Бөрлі ауанында Ақсай-Шыңғырлау, Ақсай- Федоровка,  Подстепное-Илек, Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тас жолдарында 4 блокбекет орналастырылғаны белгілі.

Сол блок-бекеттерде ауданымыздың құқық қорғау қызметкерлері, эпидемиологтар міндеттерін қалтқысыз атқауда.

FD8A3996-C660-4E6E-B8AD-D698C0EF6729

Блокбекеттегі кезекшілерге Ақсай қаласы мешіті ұжымы мен «Берекелі жамағат» еріктілері түскі ас апарып берді.

019832D6-8A31-4FCB-A8CA-2DB1F21DA79D

Ақсай- Федоровка блокбекетіне Бөрлі ауданы полиция бөлімінің басшысы Дәурен Өтеғұлов пен ауданның бас имамы Қанат Жакенов барды.

- Аты жаман аурудың тез таралуы баршамызды алаңдатып отырғаны рас. Вирустың таралмауына осындай блокбекетер бөгет бола алады. Сіздердің еңбектеріңіз қашан да бағалы екендігі даусыз. Қызметтерін қырағылықпен атқарып жатқан жерлестерімізге біз де қолымыздан келгенше қолдау білдіргіміз келді,- деді бас имам Қанат Қуанышбайұлы.

Дәурен Бақтығалиұлы да жергілікті полиция қызметкерлері атынан «Берекелі жамағат» еріктілер қорына алғысын жеткізді.

 Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале