11.05.2022, 11:15
Оқылды: 73

Берілме, балуан!

Нұрхат Қалдыбай - бозкілемде өскен бозбала. Қазақ күресі дейсіз бе, самбо мен дзюдо ма, күрес түрін таңдап көрмеген балуан жігіт қазір өмір үшін күресіп жатыр. Диагнозы – лейкоз (ақ қан).

WhatsApp Image 2022-05-11 at 10.07.26

Оның жанұясы Шыңғырлау ауданы, Ақшат ауылында тұрады. Өзі ауыл мектебінде 11-сыныпта оқиды. Білім сынағына дайындалып жүрген түлектің өмір сынағына тап болғанын қарашы! Нұрхаттың науқас екені жуырда, 4 мамыр күні анықталыпты. Анасының айтуынша, уақыт тығыз, тұтас емге 40 млн теңге қаражат керек. Айналайын халық, аз уақытта 12 млн теңге жинап беріпті. Әлі – 28 млн теңге қажет! Ем-дом шаралары үшін Нұрхат Түркия мемлекетіне кетті.

Ол Түркияға барамын деп ойлаған шығар. Бірақ чемпионатқа не турнирге. Амал жоқ, қаршадай қара бала Анадолыға дертіне дауа іздеп аттанып барады.

Сырым ауданының орталығы Жымпитыдағы мектеп-лицейдің 11 - сынып оқушылары күнделікті жүріп-тұру, тамақтануға жұмсап жүрген қаражаттарын апта бойы үнемдеп, жинап, Шыңғырлаудағы құрдастарының еміне аударыпты.

– Әрі кетсе бір апта таксиге мінбеспіз, сабақ арасында дәмханаға бармаспыз. Замандасымызға көмектесу - міндетіміз. Нұрхат, мойыма! Біз біргеміз! – дейді сырымдық түлектер. Олар өңірдегі басқа мектептің оқушыларын да осы акцияны қолдауға шақыруда.

Нұрхаттың мойынына медальдарын іліп түскен тамаша суреті бар екен. Көкөрім жастың келбетіне қарап, оның мойымайтынына, сынақтан сынбай шығарына сенгің келеді. Ол үшін Алланың қолдауы, адамның амалы керек қой. Амал етейік, барымызбен жәрдем жасайық әлеумет!

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 Реквизиттер:

«Kaspi bank» АҚ

Банк есепшотының нөмері: 4400 43016772 5438

Токтубаев Талгат (әкесі) - 8 776 222 99 72 (Kaspi GOLD)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале