31.08.2026, 17:30
Оқылды: 7

Берсек, балаға берейік

Бүгін аудан орталығында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға мектепке қажет құралдар табысталды. Осыған орайластырылған шараға аудан әкімі Мұрат Сердалин арнайы қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі. Аудан басшысы өз сөзінде жас ұрпақтың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

5

Акция аясындағы кезекті шарада 25 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдарының жиынтығы табысталды.

5e66131e-b14b-46e0-b5d8-b32a0bb48af6

Бүгінде ауданда 44 білім беру ұйымы жұмыс істеп, онда 6284 оқушыға 1238 педагог білім мен тәрбие беруде. Аудан көлемінде білім беру сапасын арттырумен қатар, ауылдық елді мекендердегі балаларға қолайлы жағдай жасауға да ерекше мән беріліп келеді.

7e566d95-e6c1-4569-bade-050d12d3df16

Сондай-ақ биыл Есенсай ауылдық округінің Кеңсуат ауылында және Жамбыл ауылдық округіне қарасты Үштөбе ауылында 60 орындық жаңа мектептердің ашылуы жоспарланып отыр. Жаңа білім ошақтарының іске қосылуы ауыл балаларының сапалы білім алуына мол мүмкіндік береді.

Азамат Қанапия

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале