21.02.2022, 9:40
Оқылды: 95

Биатлоннан аудандық ашық біріншілік өтті 

Жуырда Казталов ауданы орталығындағы Қарасу тоғанында биатлоннан аудандық ашық біріншілік өтті. 

IMG-20220221-WA0031

Казталов ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Айбын» спорт клубы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, аудандық орталық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық балалар-жасөспірімдер туризм жəне экология орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа 8 команда қатысты.

IMG-20220221-WA0033

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Казталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Сағат Нұрмұхамбетов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG-20220221-WA0035

Ерлер және әйелдер арасында, түрлі жас айырмашылықтары бойынша өткен жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте Бірік ауылдық округінің командасы ІІІ орын, Қошанкөл ауылдық округінің командасы ІІ орын, Казталов ауылдық округінің командасы жүлделі І орынды иеленді. Жекелей сында әйелдер арасында біріктік Жаңылсын Мұсахова ІІІ орын, қошанкөлдік Аспета Аубекерова ІІ орынды иеленсе, казталовтық Әсем Ғилым І орынды қанжығасына байлады. Ал, ерлер арасында 18-30 жас аралығында Аманер Тлепқали ІІІ орын, Нұрхасан Рахметов ІІ орынға жайғасса, І орынға Жандос Жайлыбай ие болса, 30 жастан жоғары биатлоншылар арасында бас жүлдені Жоламан Тасболатов иеленіп, ІІ орын Жандос Матаев, ІІІ орын Есболат Ажғалиевке бұйырды. Қошанкөл ауылдық округінен келген Бекболат Хамитов «Ардагер спортшы» аталымына ие болды.

IMG-20220221-WA0034

«Айбын» спорт клубының директоры Нұркен Ахметов қатысушыларға ризашылығын білдіріп, жүлдегерлер арнайы дипломдар, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

IMG-20220221-WA0032

- Биатлоннан өткен аудандық ашық біріншілік аудан тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты қалыптастыру, ауыл спортын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Барша қатысушылар мен қолдау көрсеткен жандарға алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта түрлі спорт түрлерінен тартысты бәсекелер ұйымдастырылып рады, - деді Нұркен Ахметов.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале