29.10.2021, 14:40
Оқылды: 51

Бибігүл – белсенді депутат

«Nur Оtan» партиясының республикалық «Депутаттар рейтингі интернет платформасында» аудандық, қалалық мәслихат депутаттары арасында Батыс Қазақстан облысы бойынша ең жоғары көрсеткішке (67.80) Бөкей ордасы аудандық мәслихатының депутаты Бибігүл Жұмағұлова қол жеткізді.

2D071E23-4F3F-46D4-A453-9786A2EEE808

Бұл рейтингте депутаттың қоғамдық-саяси қызметі, медиа-қызметі мен партиялық жауапкершілігі сарапқа салынды. Таратып айтсақ, азаматтарды қабылдау және олардың саны, партиялық және мемлекеттік басымдықтарды түсіндіру бойынша қоғамдық-саяси іс-шараларға қатысу (форумдар, митингілер, жиналыстар, шерулер және басқалары), қайырымдылық акциялары мен демеушілік жобалар өткізу және қатысу, мәслихаттар жанындағы комиссиялардың, партия мен әкімдіктер жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысуы таразыға салынып, көрсеткіштер бойынша ұпай жиналған.

Депутаттың рейтингі депутат қызметін растайтын материалдар (сілтемелер, құжаттар, фотосуреттер) жүйеге жүктеліп, тексеру жүргізілгеннен кейін жүйенің автоматты түрде рейтингтік баллды есептеуі арқылы қай депутаттың белсенді жұмыс жасағаны белгілі болды.

Облыс депутаттары арасында топ жарған Бибігүл Мұқасқызына толайым табыс тілейміз. Жетістігіңіз жалғасты болсын!

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале