ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
24 Қаңтар 2022

ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс
24 Қаңтар 2022

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде
24 Қаңтар 2022

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды
24 Қаңтар 2022

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті
24 Қаңтар 2022

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды
24 Қаңтар 2022

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды

27.08.2021, 16:49
Оқылды: 83
Білім беру қызметкерлері тамыз кеңесінде кездесті

Күн сәулесі шартарапқа шуағын шашып, жылуын берсе, ұстаз есімі де шәкірттеріне күндей жарық береді. Міне, күннің сәулесі бола білген, мектептің жүрегі бола білген зор тұлға иесі ұстаздар қауымы бүгін Теректі аудандық мәдениет үйінде бас қосты. Яғни, аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде кездесті.

 27

«Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы тамыз кеңесіне Теректі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Тоғызбаев, БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева, БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Сарсенғалиева және мектеп, бөбекжай директорлары, мұғалімдер және жас мамандар қатысты.

Кеңестің күн тәртібінде жаңа оқу жылындағы білім беру жүйесіндегі мәселелер, аудандық байқау қорытындылары  қаралды.

Алғы сөз  аудан әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Кәрімұлына берілді. - Биылғы оқу жылы сіз бен біздің ерекше күткен мерекеміз. Бір жарым жыл бойы оқушыларымыз қашықтықтан оқып, карантиндік режиммен бақыланса , биыл барлық сыныптар  дәстүрлі түрде білім алуға ауысты. Бұл жаңалық ұстаздар қауымынан бөлек оқушыларды да қуантты. Еркін түрде бір-бірімен қарым-қатынас құрып, асыр салып ойнап, білім алуға ештеңе жетпейді, - деді А.Тоғызбаев.

26

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева мен білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Сарсенғалиева биылғы жылдың оқу форматын талқылады.

Өз кезегінде Сарыөмір ауылдық «Өркен» бөбекжайының директоры Жаңылсын Оразғалиева  «Мектепке дейінгі ұйымдағы жаңа инновациялық технологияларды тиімді қолдану», «Инновация. Тәжірибе. Шығармашылық» тақырыбында баяндамасын  ұсынды.

- Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты және мемлекеттік сакясаттың ажырамас бөлшегі. Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. «Өркен» бөбекжайында  4 топта 70 бүлдіршін тәрбиеленуде. «Қоғам талабы –заман талабы». Әр баланың болашағына жол ашар, ойын дамытып, қызығушылығын арттырар дүние – жаңа технолоргиялар. Балабақшамызда іс-шығармашылық технологиясы, қатынас ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, М.Монтессори әдісі, 3Д форматта оқулықтар, сиқырлы қалам, эбру әдісімен сурет салу,  STEAM технологияларын қолданамыз.

«Өркен» бөбекжайында 2019 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 11 қыркүйектегі № 611 бұйрығымен «Бәрін білгім келеді» интелектуалдық дамыту зертханасы құрылды. Тақырыбы «Табиғат ғажайыптары» деп аталады. Басты мақсатымыз – бөбектерге табиғатты аялай отырып, туған өлке кереметтерімен таныстыру.

25

«Тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады, бес жасқа дейін жүргізген ісіңіз бүкіл тәрбие үрдісінің тоқсан пайызы», - деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, балаға жаңаша білім беріп,тәрбиелеу әрқайсымыз үшін де маңызды міндет, - деді Жаңылсын Балтабайқызы.

Сонымен қоса, жаңа 2021-2022 оқу жылында аудан мектептерінде алғашқы еңбек жолын бастағалы тұрған жас мамандар ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.Жарылғапова (Шаған ЖОББМ), ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.Қалекенова (Шаған ЖОББМ), орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұ.Хасенов (Ақжайық  ЖОББМ), бастауыш сынып мұғалімі А.Сағынғалиева (Ш.Онашев бастауыш мектебі), бастауыш сынып мұғалімі  Т.Мерғалиева (Социализм негізгі орта мектебі), математика пәні мұғалімі  П.Батыр (Шаған ЖОББМ) қатысты.

Ақжайық ЖОББМ директоры Шолпан Какижанова жас мамандарды құттықтап, еңбек жолдарына құтты қадам тіледі.

Білім беру саласының дамуына қосқан үлесі мен педагогикалық шеберлігі мен ұрпақ тәрбиелеудегі табыстары үшін Госплемстанция  ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі А.Мұсағалиева «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысының орынбасары Светлана Ибрагимқызы бірқатар ұстаздарды, соның ішінде Ш.Танатарова (Айтиев бастауыш мектеп меңгерушісі), А.Төтебаева (Ұзынкөл ЖОББМ директоры), Қ.Байғалиев (Госплемстанция ЖОББМ АӘД пәні мұғалімі), С.Мұратов (Шаған ЖОББМ тарих пәні мұғалімі), К.Есмұратова (Подстепный №1 ЖОББМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі) Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Құрмет грамамтасымен                  А.Брекеева (Феодоровка ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі), Л.Ихсанова (Ұзынкөл ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі), Б.Жарасова (Госплемстанция ЖОББМ тарих пәнінің мұғалім), А.Құмарғалиева (Богданов негізгі мектебінің директоры), Т. Туленова (Подстепный ЖОББМ психологі), Г.Айткеева («Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі), З.Нұртазина («Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі), Т.Турчина (Феодоровка №1 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі), Ә.Жакаева, А.Томпишова ( Теректі ауданының білім беру бөлімі әдіскерлері), Р.Орынғалиев (дене шынықтыру нұсқаушысы), Ә.Байболатова (логопед) марапатталды.

Теректі ауданы әкімінің алғыс хатына А.Хайруллин (Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ директоры), Ш.Жанбаулиева (Талпын негізгі орта мектеп директоры), Ш.Кубаева (Донецк бастауыш мектебінің меңгерушісі) ие болды.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің 2021 жылғы 20 мамырдағы №357 бұйрығы негізінде 2020-2021 оқу жылында үздік нәтежие көрсеткен білім ордалары мен педагогтер арасында байқау ұйымдастырылған болатын. Сол байқаудың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді. «Үздік ұйым» байқауы бойынша І орынды Подстепный ЖОББМ жеңіп алды. ІІ орынға Госплемстанция ЖОББМ, ІІІ орынға Ұзынкөл және Восход ЖОББМ ие болды.

«Үздік педагог» байқауы бойынша бас жүлдені Қ.Джалитов жеңіп алса, І орынға М.Бисекенов, ІІ орынға Қ.Байғалиев, ІІІ орынға Ш.Таңатарова және Р.Сарбаева ие болып, дипломдармен марапатталды.

«Үздік жасыл мектеп» байқауы нәтижиесінде І орынға Чапаев ЖОББМ, ІІ орынға Шаған ЖОББМ, ІІІ орын Госплемстанция ЖОББМ және Ұзынкөл ЖОББМ лайықты деп танылды.

«Үздік оқуға құштар мектеп» аталымы бойынша І орынға Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ, ІІ орынға Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ, ІІІ орынға Феодоровка жалпы орта мектебі ие болды.

 

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале