14.09.2022, 10:30
Оқылды: 134

Білім саласын дамытуда балабақшаның рөлі зор

Бірінші қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Онда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа экономикалық саясаттың шаралары туралы айтты. Сондай-ақ, білім саласын дамытуда балабақшаның рөлі ерекше екеніне тоқталды.

WhatsApp Image 2022-09-14 at 09.52.15

Тәрбие мен білім негізі, ең алдымен, отбасынан, содан соң балабақшадан басталады.
«Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуі тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешілерді аттестациялау қажет» деді Мемлекет басшысы.
Мәңгілік ел болып қалыптасу жолында ұрпаққа берілетін тәрбие өзекті мәселе екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан да бұл мәселе күн тәртібінен ешқашан түскен емес. «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек» дей келе, ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда.
Ел Президентінің балабақшадағы білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту керек деген ойы өте орынды. Себебі, 6 жасқа дейін адамның ақыл-ойының едәуір бөлігі қалыптасып үлгеретіні ғылыми дәлелелденген. Сол себепті, уақытты тиімді пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді барынша креативті ойлай алатын, қоғамның белсенді мүшесі етіп тәрбиелеу жолында аянбау қажет. Оның үстіне қазіргідей ақпараттық техниканың дамыған заманында балаларды қызықтыру оңай емес.
Бүгінде балалардың 95 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Бұл дегеніміз - елімізде балалардың көпшілігі балабақшада тәрбиеленеді деген сөз. Жалпы, Ақсуат ауылындағы «Жұлдыз» бөбекжайында 8 педагог 50 баланы тәрбиелеуде. Бүлдіршіндердің болашағы үшін аянбай қызмет етіп жатыр.
Жолдауда мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін барлық игіліктер қарастырылып, бұл саладағы мамандардың жүктемесін азайту мәселесі әңгіме болды. Мемлекет басшысы педагог қауымына осындай жағымды жаңалықтар арқылы үлкен үміт артып отыр. Сол үмітті жігерлі, мейірімді, Отанын сүйетін, елдің болашағына айналар бөбектерді тәрбиелеу арқылы ақтай аламыз деп ойлаймын.

Нұржамал Айтқалиева,
«Жұлдыз» бөбекжайының тәрбиешісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале