20.01.2022, 12:30
Оқылды: 86

Білім саласының ардагері 75 жаста

Жуырда Тасқала ауданы әкімі Бауыржан Айтмағамбетов білім саласының ардагері, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасын қабылдады. Қабылдау барысында аудан басшысы білім саласында табанды еңбек етіп, талай шәкірттерді тәрбиелеген Бақтығұл Жұмажанұлын 75 жасқа толу мерейтойымен құттықтады. 

Бақтығұл Ж (2)

«Сізді 75 жас мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Қоғам мен адамзат алдындағы абыройлы еңбегіңіз, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңыз бен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы ісіңіз үшін алғысымды білдіремін. Өзіңізге және туған-туыстарыңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыңызға амандық тілеймін!»- деді аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы.

Кездесу барысында аудан басшысы еселі еңбек еткен Бақтығұл Жұмажанұлына өз атынан алғысхатын табыстап, иығына шапан жауып құрмет көрсетті.

Бақтығұл Ж (1)

Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков, аудандық мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева ардагердің ұстаздың өмірлік қолтаңбасын айрықша екенін атап өтіп, мерейтой иесіне игі тілектерін жеткізді. Бақтығұл Жұмажанұлы білім саласының дамуы жолындағы еңбегі үшін «Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Бүгінде Бақтығұл Жұмажанұлы асыл жарымен бірге немере-жиендердің қызығына бөленіп, бақытты ғұмыр кешуде.

Болат Бек,

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале