30.11.2020, 15:52
Оқылды: 84

Білім және денсаулық саласы қызметкерлерімен кездесті

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова аудандағы білім және медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.

FDC6A5AC-A759-4612-86AC-BFE87C8E17A9

Светлана Ешматқызы Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіз ел ретіндегі қалыптасу жолында сіңірген еңбегі, көшбасшылық қасиеттері, ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алу жолындағы талапшылдығын тілге тиек етіп, әңгіме өрбітті. Өз кезегінде Шыңғырлау колледжнің өндірістік оқу шебері Майрамбай Ержанов, білім саласындағы елеулі өзгерістер, жаңашылдықтар туралы айта келіп, жиынға қатысушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Аудандық ауруханаға «Дипломмен ауылға» жобасымен келіп, жұмыс жасап жатқан жас мамандар С.Сағидоллиева мен А.Оңғаралиева да өз кезектерінде жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, аудан тұрғындарына қалтқысыз қызмет көрсету жолында адал еңбек етпектерін жеткізді.

Гүлім Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале