27.08.2022, 17:00
Оқылды: 182

«Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық еңбекқорлық»

Осындай атаумен жылдағы дәстүрге сай Сырым аудандық білім беру бөлімі педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Жиынға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, білім беру ұйымдарының директорлары, ардагер ұстаздар, мұғалімдер қатысты.

image-27-08-22-04-03-6

​ Аудан мектептері мұғалімдерінің тамыз кеңесінің секциялары офлайн форматында 22-25 тамыз күндері өткізілді. 9 бағыт бойынша өткен секция жұмыстарына 479-дай педагог қатысып, әр бағыт бойынша ұсынбалар берілді.

​ Жиында аудандық білім беру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Әділ Ахметов «Білім беруді дамыту – болашақтың іргетасын бірге жасаймыз», Жанна Жайманова «Аңыздан ақиқатқа айналған мұғалім мәртебесі», Берік Жанболсынов «Бала қауіпсіздігін сақтау – баршаға ортақ міндет» тақырыптарында баяндама жасады.

​ - Аудан бойынша жалпы педагогтар саны 750-ден астам болса, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 117, мектепте 580, қосымша білім беру ұйымдарында 55 ұстаз еңбек етуде. Оның ішінде 113 адам білім жетілдіру курстарынан өтті. Педагогтарды қолдау мақсатында «kundelik.kz» платформасына 2021-2022 жылғы оқу жылдарында 12 мектеп қосылса, 2022-2023 жылғы оқу жылдарында 4 мектеп қосылмақшы,-деді Жанна Жайманова өз сөзінде.

image-27-08-22-04-03-7

​ Тамыз кеңесіне қатысқан барша ұстаздар қауымына аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы жылы лебізін білдіріп, басталғалы отырған жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Аудан әкімі Т.Серікқалиұлы білім беру саласында үздік деп танылған ұстаздарға аудан әкімінің алғыс хатын және Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатына лайық деп танылған М.Арыстанов, Н.Қажгереев, А.Қайырбаева, А.Нуфтиева, Г.Семғалиеваға ​ марапаттарын табыстады.

Ал, аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә. Еркінұлы әріптестеріне облыстық, аудандық білім басқармасының Құрмет грамотасымен бірқатар әріптестерін марапаттады.

Одан бөлек, аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Ләззат Тапаева бірақатар педагогты орталық комитеттің Құрмет грамотасын табыстап, ​ “Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін әріптестерінің өңіріне тақты.

Айта кету керек, аудандық білім беру бөлімі ғимаратының алдына 2015 жылы тамыз мәслихатында үздік ұстаздарды ұлықтау мақсатында “Құрмет тақтасы” орнатылған болатын. Ол жылдағы дәстүрге сай жаңартылып отырады. Биылғы жылы да тақта жаңа есімдермен жаңғыртылмақшы.

Жиын соңында Әділ Ахметов маусым айында ұйымдастырылған “Үздік жазғы мектеп-2022” сырттай байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

image-27-08-22-04-03-5

Қаржылай жүлде қорлары бар ІІІ орынды Қызылағаш негізгі орта мектебі, Талдыбұлақ және А.Жұмағалиев атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешендері өзара бөліссе, ІІ орынды Жырақұдық орта мектебі мен Көгеріс негізгі орта мектебі иеленді.

Көп ішінен оза шауып, мықтылықтарын мойындатқан Бұлдырты орта мектебінің ұжымы І орынға лайық деп танылды.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале