3.08.2021, 20:10
Оқылды: 93

Биометриялық терминал орнатылды

Бүгін Казталов аудандық пробация қызметінде биометриялық терминал орнатылды. Еліміз бойынша санаулы облыстарда ғана қолжетімді бұл құрылғы облысымыз бойынша Қаратөбе және Казталов аудандарында ғана бар. Бүгін аталған терминалдың жұмысымен танысу үшін аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, аудан прокуроры Нұрлыбек Мұсағалиев пробация бөліміне ат басын бұрды. Прокурор Нұрлыбек Мұсағалиев аталмыш құрылғының сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алуда да септігі мол екендігін атап өтті.

2B3B9C00-D867-4F46-9B2B-6F1A493A0A6F

-Казталов ауданы прокуратурасының бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық пробация қызметтерінде (Казталов және Жалпақтал) есепте тұрған сотталушылардың жүріс-тұрысын бақылауды оңтайландыру мақсатында 2 биотерминал орнатылды. Биотерминалдың жұмысы Пробация қызметін жетілдіруге және оны ашық түрде жүргізуге бағытталған. Биотерминалдарды пробация қызметінің жұмысына пайдалану және алатын орны ерекше. Ол қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, қылмыс жасауға бейім емес сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізуге оң әсер етеді. Бұл жүйе автоматты түрде сотталғандардың саусақ таңбаларын, қолдары мен беттерінің геометриясын тануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сотталған тұлғаларды уақтылы бақылауды қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмауға оң септігін тигізеді. Құрылғымен бақылау жасау, қызметкерлердің уақытын үнемді пайдалануға жағдай жасайды, - деді аудан прокуроры.

0CB929D0-CD53-4A3B-AE51-4CE1AE8B2ED9

Казталов аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Салауат Байдуллиннің сөзіне сүйенсек, ауданымызда 66 сотталған азамат пробация есебінде тұр.

-Биометриялық терминал – бұл пробация қызметінің жұмысын жетілдіру және ашық түрде жүргізуге бағытталған. Бұл жүйе автоматты түрде сотталғанның саусақ таңбаларын, қолдары мен бетінің геометриясын тануға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Казталов пробация қызметінің есебінде 66 сотталған азамат бар. Сотталған тұлғалардың өздері де бұл құрылғының қолайлылығын байқап отыр. Бұрын-соңды тіркеуге келген кезде, жүріп-тұру есебін жазу үшін кезекте тұратын. Ал енді саусақ ұшын құрылғыға қойып, тіркеудің күні және сағаты белгіленіп, аз уақыт жұмсайтындығын айтып пікірлерін білдіруде.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале