16.08.2022, 18:36
Оқылды: 143

«Бір ауыл - бір өнім» жобасы басталды

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Бір ауыл – бір өнім» пилоттық жобасының көрмесі өтті. Жобаның мақсаты – ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту, қолөнер бұйымдарын жасауды оқытып үйрету, қолда бар шикізатты өңдеп дайындау.

IMG_8802

- «Өнер көзі – халықта» деп бекер айтылмаған, қолдан жасалған бұйымдар әр кезде де сұранысқа ие. Осыны насихаттап, артымыздан ерген ұрпақтарымыздың бойына сіңдіруіміз керек. Ауданымыз бойынша іскер азаматтар мен азаматшалардың көбейгені құптарлық жайт, - деді аудан басшысы Дархан Әмірханұлы.

IMG_8764

- Бұл пилоттық жоба республикамыздың төрт облысында игеріліп отыр. Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау және өзіміздің Батыс Қазақстан облысында. БҚО, Тайпақ ауылында маусым айында көптеген қолөнершілердің нәтижелерін көріп, өзіміздің ауданда да игеруді жоспарлап отырған жайымыз бар. Қолда бар шикізаттан, соның ішінде жүн өнімінен алатын болсақ көптеген заттар жасап шығаруға болады. Жобаның үш шарты бар: біріншісі – өнім шикізат, жергілікті ресурстар, екіншісі – қолөнер болуы керек. Үшіншісі бұл өнімді бренд ретінде қалыптастыру шарт. Қыркүйек айында Орал қаласында өтетін көрмеге Жапон елінен келетін эксперт ең үздік өнімді таңдап алмақшы. Осы жоба ауыл тұрғындарына өте тиімді, жұмыссыз отырған қыз-келіншектерге қолда бар нәрседен бұйым жасап, оны әлемдік деңгейде шығаруға мүмкіндігі бар және табысы аз адамдарға қосымша табыс көзін табуға болатындығын айтып өткім келеді. Осы орайда барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деп сөзін аяқтады Сәндігүл Исмағұлова.

Көрме барысында қатысушылар өз өнімдерімен, қолөнер бұйымдарымен таныстырып, жасалу тәсілін, материалын, оған кететін уақытын түсіндіріп өтті.

Райхан Амантайқызы, 

Жаңақала ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале