14.12.2020, 15:08
Оқылды: 70

Бірлескен жаттығу өткізді

Бокстан ҚР чемпионы Даниял Сәбитпен кездесу өткендігін жазған болатынбыз. Ол кездесуге боксшының бапкері Сәттар Сұлтанғалиев те келген-ді.

31BEDCD6-D98A-46A7-B7FB-41119762FF13

Кездесу соңында ауыл боксшыларының толыққанды жаттығу өткізуіне елдегі жағдай кедергі болып отырғандығын естіген бапкер Достық боксшыларын Орал қаласындағы Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығына келіп, бірлескен жаттығу өткізуге шақырды.

Білікті бапкердің сөзін жерге тастамаған ауыл боксшылары жуырда орталыққа барып, ел чемпионы жаттығатын залда қала спортшыларымен бірге жаттығу өткізді.

-Бокс мектебі қалыптасқан Достықтай ауылдың өрендері чемпион шыққан ортадан тәлім алып, өздері де жаңа белестерге ұмтылсын деген ниетпен шақырдым. Ауылда бірнеше жақсы боксшы өсіп келе жатқанын да байқадым. Боксқа икемі бар балалардың қай-қайсы да залымызға келіп, шеберліктерін шыңдай алады, - дейді С.Сұлтанғалиев.

A40A1E3B-A029-4BE9-A77A-7602D976A988

Қызықты жаттығу барысында ауыл өрендері қалалық былғары қолғап шеберлерімен жолдастық кездесу өткізіп, дайындықтарын бір пысықтады.

Шара соңында Сәттар Сұлтанғалиев Даниялдың жетістігін қайталасын деген ниетпен Достық ауылы боксшыларына арнайы қолғап тарту етті.

Енді бұндай жаттығулар жиі өтіп тұратын болады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале