20.11.2022, 10:56
Оқылды: 32

Бірлігі жарасқан көше

Казталов ауданындағы сайлау науқаны ерекше үрдіспен жалғасын табуда. Мұнда аудан тұрғындарының қолайсыз ауа райында сайлау учаскелеріне қатынауда қиындық туындамас үшін, халықтың қауіпсіздігі мен қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында тегін қоғамдық көліктер үздіксіз қызмет етуде.

20221120044258_IMG_9625

Казталов ауылындағы Х.Жақып көшесінің тұрғындары да қоғамдық көліктермен №219 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады. Көше тұрғындары халықтың қамын ойлаған жергілікті атқарушы орган өкілдеріне шексіз ризашылықтарын жеткізді.

20221120044035_IMG_9619
- Біз Хаби Жақып көшесінің тұрғындары әр мейрамда, көпшілік іс-шараларда, игі бастамаларда өзіміздің бірлігімізді танытып, үн қосып келеміз. Бүгінгі саяси науқанға да жұдырықтай жұмылып, дауыс беріп отырмыз. Сайлау учаскелеріне тегін қоғамдық көліктемен қатынап жатырмыз. Бұл тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік. Аудан жұртшылығының қамын ойлаған жандарға алғысымыз шексіз, - деді көше тұрғындары.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале