18.05.2022, 11:00
Оқылды: 165

Бірлік – береке бастауы

«Отбасы татулық пен ауызбіршіліктің ордасы болуы тиіс» деп ойлайтын Теректі ауданы Ақсоғым ауылында бес бала тәрбиелеп отырған жас отбасы бар.

10

- Ерлі-зайыптылар бір-бірін түсініп, қолдап отыратын болса, жанұяның бірлігі де нығая түседі. Жалпы отбасының ұйытқысы – әйел. Ер адамның тапқанын жарата білу де өнер. Барын асырып, жоғын білдіртпей, жыртығын жамап отырсаң ғана отбасының берекесі болады, - деп бастады әңгімесін жасы небары 26-да болса да, кәсібін дөңгелетіп отырған көпбалалы ана Жанаргүл Рахпанова.

Бала күтіміне байланысты еңбек демалысында отырса да, «Теректі-Таза су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде машинист болып жұмыс істейтін отағасы Эльдар Қажғалиевтің көңілін тауып, еңбекқорлығының арқасында напақасын тауып отырған Жанаргүлге іштей сүйсіндік. Балаларының болашағы үшін бүгіннен бастап қамданып жатқан Жанаргүл 2019 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша бройлер балапандарын алған. Бірақ қажетті күтім көрсете алмай, еш пайда таппапты. Сосын үй тауықтарын сатып алып, өсірген көрінеді. 2020 жылы көпбалалы отбасы ретінде мемлекеттен төрт пайыздық мөлшермен 1 500 000 теңге несие алыпты. Ол қаржыға төрт сүтті сиыр сатып алған. Бүгінде тауықтарының жұмыртқасын, май, қаймақ, сүзбе, қала берді құрт жасап сатып пайдасын көруде.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале