24.05.2026, 18:00
Оқылды: 2

Бірлікке бастар қақпа 

Бүгін Жаңақала ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінің кіреберісінде ауылға ат басын бұрған әр жанды қарсы алатын еңселі қақпа бой көтерді. Ауыл атауы айшықталған сәнді нысан – 1988 жылғы 20 жылдық түлектердің туған жерге, алтын ұя мектебіне деген тартуы.  
image-24-05-26-04-28-2
Перзенттік құрметтің жарқын көрінісі саналатын М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін түлектерінің тартуы көпке үлгі. “Туған жерге туыңды тік” деген тәмсілді ту еткен бір топ түлек сый жасауды қолға алып, нәтижесінде ауыл ажарының келбетіне көрік қосты.
photo-output
Ауылдың өткені мен бүгініне бейжай қарамайтын азаматтардың арқасында Бірлік ауылы тағы бір көрікті нысанмен толықты. Салтанатты шара барысында, әсем ән шырқалып, жүрекжарды лебіздер мен ақжарма тілектер айтылды.  Сөз алған округ әкімі Ерболат Қуанышұлы аталмыш істе бас болған 20 жылдық түлектерге өз алғысын білдірді. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, жиналған жұртшылыққа дәм ұсынды. Түлектердің демеушілігімен жүзеге асқан жоба алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.
Ақерке Мәлікқызы
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале