Аруларға құрмет көрсетілді
6 Наурыз 2021

Аруларға құрмет көрсетілді

Испанияға апарар жол...
5 Наурыз 2021

Испанияға апарар жол...

Шыңғырлау ауданы әкімі мереке иелерімен кездесті
5 Наурыз 2021

Шыңғырлау ауданы әкімі мереке иелерімен кездесті

Игі істер жалғасын табуда
5 Наурыз 2021

Игі істер жалғасын табуда

Оралда АХАТ-тың жүз жылдығына орай мерейтойлық шара өтті
5 Наурыз 2021

Оралда АХАТ-тың жүз жылдығына орай мерейтойлық шара өтті

Инвестициялық жобалар жандана түседі
5 Наурыз 2021

Инвестициялық жобалар жандана түседі

Біртуар Бауыржан

Бауыржан Момышұлы. Осы екі ауыз сөздің өзі мен үшін ерлік пен қайсарлықтың символы іспетті. Небір ауыр кезеңдер мен нәубеттерді басынан өткерген халқымыз Ұлы Отан соғысында да үлкен қажырлық танытты. Қазақтың жап-жас ұлдары әскер қатарына алынып, сұрапыл соғысқа аттанды. Аналары мен сүйіктілері, әпкелері мен қарындастары үшін, қала берді, отбасы үшін һәм өз Отаны үшін қайтып оралуы беймәлім соғысқа өз еріктерімен сұранып аттанды. Олардың ішінде Бауыржан Момышұлы да бар болатын.

F3501D71-1A9A-4D03-A0CD-8F8030B916B9

Әскер қатарына алынғаннан бастап өзіндік әдіс-тәсілдерімен ерекше көзге түскен Бәукең өз қатарластарының алды болды. Қан майданға түскенде сол үйренген әдіс-айлалары көп пайдаға асты. Ол ержүрек еді. «Жүрегінің түгі бар» деген тіркес Бауыржанға қаратып айтылған секілді. Ол Панфилов сияқты мықты адамның алдын көрді. Ақыл-кеңесін тыңдады. Оның тапсырмаларын бұлжытпай орындады. Ол істеген істері өз нәтижесін берді. Бәукең туралы аңызға бергісіз әңгімелер өте көп. Оларды айтып тауысудың өзі мүмкін емес. Солардың бірі мынадай.

Бірде республикалық газеттің бір тілшісіне бас редактор Бәукеңнен Жеңіс күніне орай сұқбат алуды тапсырыпты. Әлгі тілшінің шашы өсіп кеткен екен. Бірінші сұрағын қояр-қоймастан Бәукең:

- Алдымен шашыңды алдырып кел. Өзің еркексің бе жоқ әлде әйелсің бе? - депті.

Журналист өз жөніне кете барыпты. Сол журналист араға уақыт салып, шашын алдырып, жөнденіп келіпті.

- Аға, шыныңызды айтыңызшы соғыста қатты қорыққан кезіңіз болды ма? Сіз өзі неден қорқасыз? – деген алғашқы сұрағын қояды.

Бұл қойылған сұраққа Бауыржан атамыз көпке дейін жауап бермей отырған екен.. Бір кезде қолына бәкісін алып, әлгі журналистті алқымынан алып, пышағын тақапты.

- Мен егер қорыққан болсам осылай тірі жүрген болар ма едім? 27 рет жаудың қоршауын бұзып, 5 рет жаумен бетпе-бет келіп, 2 рет ауыр жарақат алар ма едім? Егер мен қорыққан болсам сен осы жерде отырар ма едің?

Тілшінің зәре-құты қашқан екен.Әлгі тілші редакторына келіп:

- Маған басқа тапсырма беріңіз. Бауыржан Момышұлына барып сұқбат алғаннан гөрі, арыстанның аузына қолыңды салып қайтқан қауіпсіз, - деген екен.

Біз бұл әңгімеден нені көреміз. Момышұлы өте қырсық адам болған. Ашылып сөйлесуінің өзі қиын. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогиясын жазған Әзілхан Нұршайықовтың өзі батырмен көпке дейін сөйлесе алмапты. Сөйтсе Бәукең өзінен сұқбат алуға келген адамдарды алдымен сынап алады екен. Барлық мінезіне көнсе ғана сұқбат береді. Сол еңбекте ол кісі Әзілханға ешбір сөзін өзгертпей жазуын қатаң ескертеді. Ең бірінші болып «-ов», пен «-ев» дегеннен бас тартқан да осы Бәукең. Төл құжатына да Момышұлы деп жаздырған. Соның кесірінен Кеңес Одағының Батыры атағын ала алмаған көрінеді.

Қазіргі кезде Бәукеңдей ержүрек, батыр, мінезі тік, айтқанынан қайтпайтын, бір сөйлейтін адамдарды кездестіру қиын. Тіпті жоқтың қасы, десем артық айтқандық емес. Қазіргі таңда Бауыржан атамыздай тау тұлғалы азаматтар елімізге ауадай қажет. Өлшеулі ғұмырымызда еркін күн кешіп, бейбіт өмір сүруіміз кімдердің арқасы? Осы жөнінде бір сәтке болсын ойланып көрдіңіз бе?! Ұлтарақтай жерін қорғап, сол жолда бар күш-жігерін жұмсаған Бауыржандай батыр да батыл аталарымыздың арқасы емес пе?! Ал болашақ ұрпақтан сондай хас батырлар туа ма? Ол алдағы күннің еншісіндегі нәрсе...

Ж.Жұмағұлов,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz