21.01.2024, 9:00
Оқылды: 254

Бисен ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді 

Бөкей ордасы ауданына қарасты Бисен ауылында су жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. 

IMG-20240120-WA0094

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сайран Дүйсентегі, аудан әкімі Нұрлыбек Даумов пен орынбасары Біржан Меңешов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков бастаған сала басшылары қатысты.

IMG-20240120-WA0128

Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов:

IMG-20240120-WA0135

- Мемлекет тарабынан ауыл, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуда іргелі бағдарламалар қолға алынып отыр. Бір ғана біздің облысымызда он жеті мектептің құрылысы аяқталды. Өздеріңіз де куәсіз ауданда бір емес бірнеше фельдшерлік-амбулаториялық пункт салынса, міне, бүгін​ "Ауыл бесігі" бағдарламасы бойынша мәдениет үйі пайдалануға​ беріліп отыр. Жақсы істер 2024 жылы да жалғасты болсын! Мәдениет​ үйінің құрылысына атсалысқан мердігерлерден бастап, ауыл азаматтарына алғысымды білдіремін, - деді.

IMG-20240120-WA0127

Бисендіктер атынан ардагер-дәрігер Қуаныш Есеев сөз алды.

Нысан құрылысын жүргізген "Қалдығайты" ЖШС-нің бас мердігері Абылай Нұрмұқанбет:

IMG-20240120-WA0142 (1)

- Бисендік ағайынды бүгінгі қуаныштарымен құттықтаймын. Құрылыстың уақтылы жүргізілуіне, тиісті қаржының дер кезінде бөлінуіне жағдай жасап, қолдау көрсеткен аудан басшылығына, құрылыс жұмысына атсалысқан ауыл халқына серіктестік атынан ризашылығымды білдіремін, - деп символикалық кілті мәдениет үйінің басшысы Екатерина Мөкешеваға табыс етті.

IMG-20240120-WA0095

Ал аудан басшысы Нұрлыбек Даумов бас мердігерге алғысхат табыстады.

IMG-20240120-WA0137

Су жаңа нысанның лентасын облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов пен ауыл ақсақалы Қуаныш Есеев кесті.

IMG-20240120-WA0146

Фойеде қонақтарды ақжаулықты әжелеріміз шашу шашып,​ ​ ауыл өнерпаздары күмбір күймен қарсы алды. Қонақтар мәдениет үйін аралап көрді. Айта кетелік, екі қабатты ғимаратта кең фойе, концерт залы, жекелеген қызметтік кабинеттер қарастырылған. Су жаңа ғимаратта тек әжетханамен ғана емес, душ кабиналарымен қамтамасыз етіліпті.

IMG-20240120-WA0104

Бес бірдей қызметкер жұмыс жасайтын мәдениет үйінде домбыра, көркемсөз, вокал және ән-би үйірмелері жұмыс жасайды.

IMG-20240120-WA0140

Ашылу салтанатына кейін аудандық халық театрының сомдауымен Г.Хугаевтың "Қара шекпен" атты әфсанасы қойылды.

Мәдениет үйінің құрылысына "Ауыл бесігі" бағдарламасы бойынша бес жүз миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған.

IMG-20240120-WA0134

- Құрылыс жұмысы 15 айға жоспарланған еді. Мерзімінен бұрын тоғыз айда аяқталып отыр, - дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қобылан Жанғалиев.

Ұлпан Жакина,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале