24.05.2021, 11:25
Оқылды: 192

Бисендік түлектер тартуы

Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылындағы орта мектептің 1980 және 2001 жылғы түлектері білім алған ұяларында кездесті. Алды қырық, кейінгілері жиырма жылдан кейін бас қосқан түлектер туған ауылдарына керемет тарту жасады.   

40B0B4BD-D2CE-468F-BF98-314497BC4B7E

Б.Жәнекешев атындағы мектептің 1980 жылғы түлектері мектеп ауласына батыр Бисеннің бюстін орнатып берсе, 2001 жылғы түлектер миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Бұған қоса мектеп игілігіне спорттық құрал-жабдықтарын тарту етіп, ауыл балалары арасында қазақша күрестен жарыс өткізді.

28A2C076-31F7-42FF-A557-B014767BBE72

Осы аталмыш шаралардың ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі орынбасары Мейрамбек Аққалиев туған ауылдарына игі істеп, үлгі көрсеткен мектеп түлектеріне аудан жұртшылығы атынан шексіз ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің алғысхатын табыстады.

33CA0123-BCD4-4FA2-BA62-BFE3D8AF6A21

Ауылдастары атынан Бисен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер спортшы Хайролла Сабыров сөз алып, мектеп түлектеріне шынайы алғысын жеткізді.

Ұлпан Жакина,

Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале