Бөкей ордасы ауданының шалғай ауылдарында басталған есептік кездесу Бисен ауылында жалғасты.

Алдымен ауыл әкімі Армат Меңдешев сөз алып, ауылда жүріп жатқан жұмыстар мен алдағы атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Нұрлыбек Даумов те аудан бойынша атқарылған жұмыстар, қолға алынған жобалар мен алдағы жоспарларымен таныстырып өтті.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде ауыл ақсақалдары ауылдың өзекті мәселелерін қозғады, ауыл тұрғындары да ой-ұсыныстарын ортаға салып, ауыл жастары да пікірлерін ашық білдірді.
Солардың бірқатарына тоқталып кетсек, Молдабай Минажев құм көшкіні мәселесін қозғап, Бисен ауылында ашылған өрт сөндіру бөлімінің толыққанды жұмыс режиміне көшіруге қатысты тұрғындар өтінішін жеткізді.

Әбілғазы Шыңғалиев ағамыз ауыл тазалығы, бағымсыз мал, бұралқы ит мәселесін көтерсе, Бекет Қауысов ағамыз ауыл көшелерінде жарық жоғын айтса, Қаламқас Бекесова жол құрылысының сапалы жүруіне қоғамдық қадағалау керектігін назарға ұсынды.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы