29.12.2021, 21:47
Оқылды: 67

 Бисенге сапалы су келді

Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округі тұрғындарының көптен бергі бас ауруы – тұтынып отырған суларының сапасыздығы еді.  Бисен жұртшылығы үшін жыл соңындағы ең бір сүйіншілі жаңалықтың бірі сапалы судың жеткізілуі болды.

51AF5266-B324-48F1-8560-5AA1998581E0

Жиекқұм ауылынан тартылған су құбыры іске қосылды. Ұзындығы 22 шақырым құрайтын құбыр тарту жұмысына 192 млн. 900 мың теңге қаржы қарастырылған. Жоба мердігері – «Көлсай Строй» ЖШС.

Бисендік ағайынның көңілін бірлеген тағы бір нәтижелі жұмыс – ауылдың кіреберіс жолының жөнделуі. Жоба құны 179 млн. теңгеге бағаланған. Асфальтбетонды жабын төсеу жұмысын «Жайық Сити» ЖШС жүзеге асырды.

D6C3E2CD-6B00-4092-ACB4-11A9A04C9DAC

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов пен аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева арнайы барып, бисендіктердің осы қуанышына ортақтасып қайтты.

– Ауданға қарасты ауылдық округтер ғана емес, кішігірім елді мекендерге де таза ауыз су мен көгілдір отын жеткізілді. Ел еңсесі тіктеліп, ертеңгі күнге деген сенімі артты. Бұл күні кеше отыз жылдығы аталып өткен Тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізген бірегей жетістіктеріміз. Осындай жетістіктеріміз жалғасты болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, – деп тілегін білдірді.

Ауыл ақсақалы Молдабай Минажев:

– Елдегі атқарылып жатқан игі істерге куәміз. Көңілімізді қуантып, сенімімізді нықтайтын жетістіктеріміз де көп. Көрмейтін адам түйені көрмейді, көре білетін адамға әрбір түймедей істің қадірі бар. Ол істің артында қыруар қаржы, маңдай тер бар. Бар мен жоқтың, тоқтық пен аштықтың қадірін білетін аға буын үшін қи ойып, тезек жағудан құтқарған табиғи отынның да, тасып ішкен судың үйге кіріп тұрғаны да, ұзаққа созылса да қолға алынған жол құрылысы да үлкен жетістік. Бардың қадірін біліп, бағасын білейік. Осы жетістігіміз жалғасты болсын, – деп, ауыл тұрғындары атынан сөз алды.

Аудан басшысы нәтижелі еңбегімен елге үлгі болған Ерболат Бияшев, Берік Төлегеновке өз атынан, Нұрбол Өтеғалиевке аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы атынан алғысхаттарын табыстады. «Nur Otan» партиясы бастауыш партиясы ұйымдары арасында өткен айлық жеңімпаздары Екатерина Мөкешева мен Кенжебек Құрмашев те белсенділіктері үшін марапатқа ие болды.

978E489D-E64A-40FF-B8F7-791D2D67C750

Аудан әкімі Н.Даумов пен аудандық мәслихат хатшысы Л.Қайырғалиева ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Жанқуат Нұршалиевтің үйіне арнайы барып, «Ауданның құрметті азаматы» белгісін табыс етті. Еңбекпен есейіп, қара жұмыспен шыңдалған ардагер атамыз арнайы ат басын бұрып, ізет көрсеткен аудан басшысына ризашылығын білдірді.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале