2.06.2017, 17:51
Оқылды: 67

Биыл Ақсайда 198 жер учаскесі беріледі

Borli jer maselesi   30 мамыр күнгі есеп бойынша, Ақсай қаласында 8893 адам кезекте тұр. Олардың ішінде 708-і бұрын ауыл мәртебесінде болған Қызылталда кезекке тұрғандар болса, осы секілді Аралталдағы кезекте 231 адам бар.

  Ақсай қалалық әкімі аппаратының бас маманы Әлімбек Оразғалиевтің айтуынша, биыл 2005 жылдан 2007 жылдың ақпанына дейін Ақсай қаласы бойынша жер кезегіне тұрған шамамен 1300-дей тұрғынға тегін жер телімі берілмек. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін бұл жерлердің құжаттары дайын тұр. Бірақ дәл қай айда, қай күні берілетіні белгісіз.


     Бас маман Әлімбек Самиғоллаұлы жеке тұрғын үй салатын жер иелеріне қойылатын талаптарға да тоқталып өтті. " Егер екі жыл бойы жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмаса, яғни жеке тұрғын үй құрылысы болмаса, мемлекеттің жерді қайта алып қоюға құқы бар", - деді бас маман. Айта кету керек, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімі бір рет тегін беріледі. Осы мақсат үшін екінші мәрте  алатын болса, сатып алады. Сондай-ақ тұрғын үй салу үшін берілетін аймақтарға ең бірінші инженерлік инфрақұрылым тартылуы тиіс. Яғни жерлерді иелеріне тапсырмас бұрын онда электр жарығы, көгілдір отын мен су тартылуы қажет. Содан кейін барып тұрғындардың өтініштері қанағаттандырылатын болады.
Бас маманның айтуынша, Аралтал мен Қызылталда жер кезегінде тұрғандарға жер қашан берілетіні белгісіз. Бұл кезектерді  бірыңғайлап, бір кезекке келтіру мәселесі әлі шешілмеген. Бас маман кезіндегі қос ауылда кезекке тұрғандар өтініш берген күндеріне қарап тізімге қойылатынын айтты. Бірақ бұл мәселе де шешімін таппай тұр. Ал Ақсай қаласында кезекке тұратындардың саны артпаса, кеміп жатқан жоқ.

    Аудан орталығымен көршілес орналасқан Пугачев ауылдық округінде де тұрғын үй салу үшін жер алуға өтініш бергендердің саны толастамай отыр. "Жерге кезекке тұрушылар көп. Аралтал бұрын біздің округқа қарасты болды. 2013 жылы осы Аралталға кезекке тұрған 200-дің үстінде адамды қала кезегіне бергенде 900-дей кісі қалып еді, енді қазір тағы да 1000-нан асып кетті", - дейді ауылдық округ әкімі Талғат Қазжанов.

   2016 жылы 2008 жылы жасалған жобалық-детальды жоспарлау бойынша 198 учаскенің инженерлік-коммуникациялық желілері өткізіле бастаған. Қазір 198 учаскеге газ, жарық, су келіп тұр. Үй салып болғаннан кейін тұрғындардың өздері бұларды үйлеріне кіргізіп алатын болады. "Ел арасында айтылып жүрген мынадай әңгімені айта кетсем деймін, - деді Талғат Кенжеғалиұлы.

Ясипа РАБАЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале