6.12.2022, 14:30
Оқылды: 56

Биыл Қаратөбеде 9 өрт оқиғасы тіркелген

Қаратөбе аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудан әкімі, комиссия төрағасы Қадыржан Сүйеуғалиевтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы ұйымдастырылды.

DSC_0986

Отырыстың күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы М.Искаковтың ағымдағы жылдағы өрттің қауіпті маусымының қорытындысы, 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңдегі су айдындарындағы қауіпсіздік, аудандағы құлақтандыру жүйелерінің жағдайы, 2022 жылғы үшінші тоқсандағы хаттаманың орындалу барысы, комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы хабарламасы тыңдалды.

Бөлім басшысы М.Искаковтың айтуынша Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және №18 өрт сөндіру бөлімінде ағымдағы жылдың басынан аудан аумағында өрттер мен жанулар бойынша 9 оқиға тіркелген.

Ал, 2021 жылдың сол мерзім ішінде 21 оқиға тіркелді, соның ішінде 5 өрт оқиғасы, 16 жану фактісі. 2021 жылмен салыстырғанда хабарламаларды тіркеу саны 57 пайызға азайған.

– Биылғы жылдың 28 сәуірі күні Қаратөбе ауданы мен Сырым ауданы ерікті өрт сөндіру құрамаларының арасында дала өртін сөндіруді ұйымдастыру тақырыбында далалық оқу-жаттығу өткізілді. Шалғай орналасқан елді-мекендерде өрттерді уақытылы сөндіруді қамтамасыз ету мақсатында Қоскөл ауылдық округінде маусымдық мемлекеттік емес өрт сөндіру бекеті ашылды.

Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және ЖАО бірлесіп, 8 ауылдық округтердегі ЕӨҚҚ-ды, өрт сөндіру құрал-саймандарды және техникаларды 2022 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындығы екінші қайтара тексеріс жүргізілді. Тексеріс қорытыңдысы бойынша ауданның 8 ауылдық округтерінде кемшіліктер анықталды, анықталған кемшіліктерді жоюға уақыт берілгенімен, кемшіліктер Аққозы, Жусандыой және Қаратөбе ауылдық округтерінде толықтай жойылмай отыр, - деді М.Тілектесұлы.

DSC_0988

Комиссия отырысын қорытындылаған аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы өрттерді болдырмаудың алдын алу жұмыстарын биылғы жылдағыдай үлкен жауапкершілікпен атқарып, сақтық шараларын өз деңгейінде жүргізу қажеттігін комиссия мүшелерінің назарына салды.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале