11.02.2021, 19:24
Оқылды: 73

Биыл қаратөбелік 67 отбасы қоныс тойын тойламақ

Құрылыс – экономиканың барометрі болып саналатындығы белгілі. Осы орайда өткен жылы Қаратөбе ауданында құрылыс саласына қатысты бірқатар жобалар жүзеге асырылды.

Слайд12

- Ауданымызда тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта ең өткір мәселелердің бірі болып саналады. Бүгінде аудан бойынша тұрғын үй кезегінде түрлі санаттағы 270 адам тұр.

Кезекте тұрған аудан тұрғындарына жаңа баспана алуға мүмкіндік туғызу үшін аудан орталығында 67 бірпәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталған еді. Биыл аталмыш тұрғын үйлер кезек бойынша пайдалануға берілетін болады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша 286 адам жеке тұрғын үй салу үшін жер теліміне кезекте тұр. Осыған орай қазіргі таңда 144 жер телімдеріне инженерлік-коммуникациялық желілер тартылуда. Былтыр су және электр желілерінің құрылысы жүргізілді. Газ желісінің құрылысы биыл аяқталады, - деді есептік кездесуде аудан әкімі Жанат Асылханұлы.

«Қаратөбе өңірі»,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале