5.09.2022, 19:22
Оқылды: 77

Бізде «О MARKET» бар

Жуырда Теректі ауданы орталығында алғашқы супермаркет ашылды.

IMG-20220905-WA0048

«О market» ішіне кірсең, құдды бір қалада жүргендей сезінесің өзіңді. Супермаркетте ұн, сүт өнімдері, тәттілер, сусындар және тұрмыстық заттар бар. Тұтынушыларға ыңғайлы екі касса қызмет жасайды. Ол жерде қолма-қол немесе POS-терминал, банк карталары, QR қосымшасы арқылы сауда жасауға болады.

Жалпы Қазақстан бойынша жиырмадан астам, тек Батыс Қазақстан облысының өзінде 12 сауда орыны жұмыс жасап тұрған «Бәйтерек» желісінен ашылған «О market» супермаркетіне 50 млн. теңге қаржы құйылған. Қазір еңбек биржасы арқылы 12 адамды жұмысқа алған.

Супермаркеттің атқарушы директоры Алмат Жұмабеков «Болашақта жергілікті кәсіпкерлер, шаруалар және Пойма май комбинатымен бірлесе жұмыс жасаймыз», - деген жоспары барын айтты.

Енді теректіліктер қалаға сабылмай-ақ, жаңадан ашылған супермаркеттен іздегендерін табары анық.

Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале