Тегін көкөніс таратты
30 Шілде 2021

Тегін көкөніс таратты

Жаңа әкімдер таныстырылды
30 Шілде 2021

Жаңа әкімдер таныстырылды

Шикізат тапшы, жүктеме 20 пайыз
30 Шілде 2021

Шикізат тапшы, жүктеме 20 пайыз

Даулы баспананың дабырасы
29 Шілде 2021

Даулы баспананың дабырасы

Құс асырау да табыс көзі
29 Шілде 2021

Құс асырау да табыс көзі

«Коронавирус балалар арасында өршіп барады»
29 Шілде 2021

«Коронавирус балалар арасында өршіп барады»

21.06.2021, 8:43
Оқылды: 19
Біздің сүйікті дәрігер

Гүлжүзім Бисалиева – біздің ауылдың бас дәрігері. Сырым ауданы Жымпиты ауылында туып, 1979-1985 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік  медицина университетін тәмамдаған ол бас дәрігердің қажеттілігіне орай жолдамамен Жетікөл ауылдық округіне келеді. Жас маманға бас дәрігердің қызметі аманатталады. Гүлжүзім ханымның еңбек жолы да, үлкен өмірге сапары да Жетікөлден басталды. 1987 жылы осы ауыл азаматы Е.У.Хайлулинмен отау құрып, бір ұл, екі қыздың ата-анасы атанды.

67306895-D1F5-47D7-9203-40542B141406

Әр мамандықтың  өзіндік қызығы мен қиындығы болады. Бүгінгі кейіпкеріміз сұхбат барысында еңбек жолында кездескен қиындықтар мен қызықтарын айтып, жастарды еңбекқорлыққа шақырды. Қазір заман басқа, еліміз өркендеп, күннен-күнге қарыштап дамып келеді. Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында әсіресе «Цифрлы Қазақстан», «IT бағдарламалар» шығындарды азайтып, уақыт үнемдеуге, сарылып кезек күтпеуге, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын жаңа мүмкіндіктерге ие болдық. Жаңашылдықты қолданып қана қоймай оны тиімді пайдалану арқылы біз бәсекелестікті арттыра аламыз. Ол  қарапайым халыққа да ыңғайлы, ел экономикасына да тиімді. Гүлжүзім апай еңбек жолын бастаған уақытта ахуал мүлде басқаша еді...

Байланыс торабы жоқ, жарықтың жиі сөнетін кездерінде әсіресе қыс мезгілінде шопандардың қыстақтарын  ат-шанамен аралап, қатты аяздарда аяқ-қолымыз тоңып қалатын. Менің қарауымда 3 фельдшерлік пункт пен 41 қыстақ болды. Жолдасым жұмыс барысымен үнемі аудан орталығында жүретін. Байланыс жоқ, балабақшадан баламызды алуға да уақыт таппай, талай рет тәрбиешілердің үйінен алып кеткенбіз. Ол кезде қыс қатты болатын. 3-ші фермадан толғағы қысқан жүкті әйелді тұлыпқа орап, шанаға салып алып сүйреп, 3 сағат жүріп, орталыққа әкеліп, өз қолыммен босандырып алғаным есімде. Науқастарға жақсылық ойлап, ертерек қамданып, байланыста болып отыруды жиі айтамыз. Бір күні тағы да жүкті әйелді үй жағдайында жеңілдендірдім. Жастық па, әлде батылдық па, тәуекелім тұрып, қолымды бензинмен жуып, қиналып жатқан жүкті әйелдің жатырдағы жолдасын алып шықтым. Сөйтіп, ана мен баланы К-700-бен  аудан орталығына аман-сау жеткіздік, – дейді I санатты дәрігер Гүлжүзім Абрикқызы.

«Басыңыздан өткен қызықты оқиғаңыз болды ма? - деген сұрағыма ойланбастан күліп отырып: «Баяғы шопандардың ауылында жүреміз ғой. Бір кісіні ат теуіп, жедел алғашқы көмек көрсетуге бардым. Әлгі кісінің саны жыртылып кетіпті. Ырсиып тұр. Ем-дом жасап, қан тоқтату үшін, сол жерде тігуге мәжбүр болдым. Қолым дірілдеп әрең тігіп отырсам, жаңағы науқасым: "Менің терім қара ғой, неге ақ жіппен тігіп жатырсыңдар, қара жіппен тігіңдер!" - деп айқайламайды ма? Бәріміз шегіміз қатқанша күлгеніміз бар»  - деп Гүлжүзім апа бізді де күлдіртті. Қызық оқиға дейсіз бе, ерекше сәт дейсіз бе, бас дәрігеріміздің басынан мынадай жағдай да өткен. Сәби қызулап ауырып, ақыры демі үзіліпті. Ата-анасы оң жаққа қойып, жылап жатыр екен. Гүлжүзім Бисалиева дереу барып, өлді деген баланы қолына алып, сілкілеп, жасанды тыныс алдырыпты. Сәби оянып, дым болмағандай, шауып ойнап кеткен. Дене температурасы көтерілгесін, талып қалған екен.  Дәрігер бармаса баланың хәлі не болар еді?

Біздің сүйікті дәрігер 1986-2020 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласында қызмет етіп, зейнет жасына жетсе де, жоғары білімді маман тапшылығына байланысты жұмысын әлі де жалғастыруда. - Ендігі жұмысым немере бағу, немере мен жиендердің қуанышын көру – дейді Гүлжүзім әже. Айтпақшы, немересі Таймас та болашақта әжесі секілді дәрігер болғысы келеді екен.

 Айман Жұбанова,

газеттің штаттан тыс тілшісі,

Сырым ауданы,

Қосарал ауылы