9.02.2024, 12:15
Оқылды: 27

Бизнестің әлеуетін арттыру керек

«Казталов КС» ЖШС құрылтайшыларының кезекті жалпы жиыны өтті. Жиынға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Сарсенбай Молдашев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО-дағы филиалының директоры Марат Сарсеев, «Казталов КС» ЖШС директоры Абай Багисов қатысты.

c41d4fc4-6f8c-4b8b-8b4a-e5699bd5312e

Жиында ««Казталов» Кредиттік Серіктестігі» ЖШС басқармасының 2023 жылы атқарылған жұмысының есебі, серіктестік ревизорының 2023 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің есебі, 2023 жылғы бюджеттің орындалуы, қаржылық-шаруашылық қызметінің есебі тыңдалып, бекітілді. Сонымен қатар серіктестік құрылтайшыларының серіктестік мүшесінен шығу жөнінде өтініштерін қарау, ШҚ, ЖК және жеке тұлғалардың мүшелікке кіру туралы өтініштерін қарау, құрылтайшылардың жарғылық капиталдағы үлесін өсіруі немесе азайтуы туралы өтініштерін қарау, серіктестіктің жарғылық капиталын өсіру туралы және жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, басқарма төрағасына барлық құрылтайшысының атынан жарғыға өзгертулерге қол қоюға өкілеттік беру, ішкі нормативтік-құқықтық құжаттарды бекіту, құрылтайшылардың несиелендіру лимитін бекіту мәселелері қаралды.

1a4c1229-b390-43bf-8e64-cc20bf829b25

Аудан әкімі өз сөзінде бизнес өкілдерін аудан экономикасына үлес қосуға шақырды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде саяси-экономикалық реформалар жүргізіліп жатыр. Соның айқын бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы. Аудан ауыл шаруашылығына маманданған. Дегенмен мал басын арттырумен ғана шектелмей ауыл шаруашылығының өзге де салаларын, өндірісті арттыру жұмысын назарға алу қажет. Біз және сіз болып аудандағы бизнестің әлеуеттін арттыру керек. Сіздерді аудан экономикасының дамуына үлес қосуға шақырамын, - деді аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы.

Жиында аудан экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Казталов ауданы

әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале