23.11.2023, 15:45
Оқылды: 72

БҚО әкімі шыңғырлаулықтармен кездесті

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды.

аким ш (1)

Алдымен жол бойындағы Амангелді ауылында болып, жеке кәсіпкер Ілияс Хайрушиннің "Аруман" жылыжай кешенін аралады.

аким ш (3)

Кәсіпкер бизнесін 2018 жылы бастап жақын орналасқан Шыңғырлау аудан орталығы мен Ақсай қаласын көкөніспен қамтып отыр.

аким ш (4)

Бүгінде екі жылыжайдан қияр өсіріп, жаздық жаңа жылыжай құрылысын бастап қойған кәсіпкер еңбегіне облыс басшысы разылығын жеткізді. Жылыжайдың жай-күйіне қанығып, алынып жүрген өнім шамасын, өнімнің қазіргі бағасы туралы сұрады.

Құрылысы басталған үшінші жылжай орнымен де танысты. Кәсіпкерге сәттілік тілеп, Ащысай ауылына қарай аттанды.

Облыс басшысы Ащысай ауылының Мырзағара елді мекенінде орналасқан «CHINGIRLAU MILK» ауылшаруашылық өндірістік кооперативін де аралап шықты. Ірі қара малды асылдандыруды басым бағыт етіп ұстаған бұл шаруашылық сүт өндіруді де көлемді өндірістік бағытқа айналдырамыз деп отыр.
Одан соң облыс басшысы аудан тұрғындарымен кездесті.

Ащысай ауылында өткен бұл жиында аудан әкімі М. Өмірәлиев атқарылған жұмыс туралы баяндама жасады.

Облыста атқарылып жатқан ауылдарды дамыту, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыс пен алдағы жоспарларды айтып өткен облыс басшысына аудан тұрғындары жөндеуден өтіп жатқан "Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай" жолының аяқталуы, аудан орталығына қосымша су мұнарасын қою, аудандық аурухана ғимараты және Л. Қылышев атындағы мектепке күрделі жөндеу қажеттігі туралы өтініштерін жеткізді.

Н. Төреғалиев басталған істің аяқсыз қалмайтынын ескертіп, қалған мәселелердің алдағы жылдар жоспарында тұрғанын айтты.

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале