20.12.2023, 16:10
Оқылды: 642

БҚО: Ақжайық ауданының жаңа әкімі кім?

Қазақстан Республикасы Президентінің кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссияның ұсынысы және ҚР Президенті Әкімшілігі мен Ақжайық ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Ақжайық ауданына жаңа әкім тағайындалды.

аким акжайык (2)

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бүгін аудан орталығы Чапаевта болып, ауданның жаңа әкімі Мұрат Сердалинді активке таныстырды.

аким акжайык (5)

Облыс әкімі Ақжайықтың сапалы басшы кадрлар мектебі екендігін атап көрсетіп, осыған дейін ауданды басқарған, көптеген игі өзгерістің қалыптасуына ұйытқы болған, бүгінде өзінің орынбасары боп қызмет ететін Қалияр Айтмұхамбетовқа алғысын арнады.

аким акжайык (6)

Облыс әкімі осы жылда атқарылған қам-қарекеттерді баяндай келіп, келер жылдарға көзделген жоспар-көрсеткіштерді саралады. Өңір басшысы ақжайықтықтарға етене таныс Мұрат Сердалинге ауданды дамытуға бірқатар тапсырма беріп, халықпен етене жұмыс істейтініне сенім білдірді.

аким акжайык (1)
Мұрат Амангелдіұлы Сердалин 1975 жылы Ақжайық ауданы Алмалы ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

1998 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін ветеринария, 2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгерлік мамандығы бойынша бітірген.

М.Сердалиннің еңбек жолы ауданның Атамекен ауылындағы М.Өтемісов атындағы мектепте мұғалімдіктен басталды.

e53a17d5-4227-4331-abf7-032623e20435

Әр жылдары Алмалы ауылдық округі бойынша мал дәрігерлік инспекторы, аудандық аумақтық басқарманың жетекші маманы-ветинспекторы, аудандық аумақтық басқарманың ветеринария бөлімінің бастығы, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы болды.

аким акжайык (3)

2008 жылдан бері ауданның ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында басшылық қызметтер атқарды.
2023 жылдың наурыз айынан тағайындалғанға дейін Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.
Актив мінберінен сөз алған азаматтар дәуір талабына сай жұмыла еңбек ету бүгінгінің басты ұстанымы екенін айтып, аудан әкімінің қызметіне табыс пен абырой тіледі.

Әлия Шарапиева,
Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале