26.11.2021, 10:10
Оқылды: 37

БҚО-да ауыл әкімдігіне үміткер ретінде тіркелген кандидат жалған құжат ұсынды деген күдікке ілікті

 Желіде Шалқар ауылдық округінің бастамашыл тобының атынан Теректі аудандық сайлау комиссиясының төрағасының атына әкім кандидаттығына екі азаматты тіркеу талабымен жүгінген бейнеролик пайда болды. Бұған дейін аталған азаматтарды тіркеуге лауазымға сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылған.

img_20200721_181043_412

Кандидат ретінде қатысуға ниет білдіргендердің бірі осы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты ниетінен бас тартты.

Комиссияға басқа үміткер өзін-өзі ұсыну жолымен осы ауылдық округ әкімі лауазымына дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішпен жүгінді. Комиссия құжаттарды жинап, тексеріп, талаптарға сәйкестігін тексеру үшін сұрау жіберді.

  Тиісті уәкілетті органдардан «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» №85 бұйрықтың біліктілік талаптарына сәйкес еместігі туралы жауап алынды. Осы хаттың негізінде комиссия хаттама жасап, тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарды.

Келесі күні үміткерге тіркеуден бас тарту туралы хат берілді. Төрт күннен кейін үміткер еңбек кітапшасындағы жазбаның өзгеруіне байланысты сәйкестікті тексеру туралы өтінішпен келді. Комиссия еңбек кітапшасының түзетілген көшірмесін, анықтаманы және қызметтік тізімді тиісті уәкілетті органдарға қайта жіберді.

Еңбек кітапшасының, анықтаманың және қызметтік тізімнің түзетілген деректерін тексергеннен кейін құжаттардың дұрыстығына күмән тудырды. Бұдан әрі сайлау комиссиясы ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 15-бабына сәйкес еңбек кітапшасы жазбаларындағы өзгерістердің дұрыстығын анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінді.

Аталған факті бойынша еңбек кітапшасындағы жазбаны қолдан жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды және қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде.

Батыс Қазақстан облысы ауданаралық әкімшілік сотының шешімі заңды күшіне енуіне байланысты аталған үміткер 2021 жылғы 24 қарашада Шалқар ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде тіркелді.

Жоғарыда баяндалған мән-жайларды ескере отырып, 2021 жылғы 25 қарашада сайлау комиссиясы қолданыстағы заңнамалық актілерді басшылыққа ала отырып, мәліметтерді, тексеру қорытындысын ескере отырып, кандидаттың ұсынылған құжаттарын қосымша зерделеп және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабы 11-тармағының 9-тармақшасы негізінде аталған кандидатты тіркеу туралы алдыңғы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ Теректі ауданының Шалқар ауылдық округіндегі сайлау 28 қарашаға тағайындалғанын, 3 кандидат тіркелгенін, олардың барлығы өзін-өзі ұсынған азаматтар екенін атап өтеміз.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале