18.08.2017, 13:41
Оқылды: 34

БҚО-да ауыл тұрғындары өз қаражаттарына мектеп салуда

Қазталов ауданы Талдыапан ауылдық округіне қарасты Қособа елді мекенінің тұрғындары өз қаражаттарына бастауыш мектептің құрылысын бастап кетті.


Талдыапан ауылдық округінен 18 шақырым қашықтықта орналасқан Қособа елді мекенінің Никанор бастауыш мектебінде 30 оқушы білім алуда. Кеңес дәуірінде салынған мектеп бүгінде ескірген. Қособа ауылының шаруа қожалық жетекшілері, ауыл тұрғындары жаңа мектеп салуды ойлап, құрылыс жұмыстарын өз күштерімен бастап кеткен. Отыз оқушыға арналған мектептің қабырғасы қалануда. Қабырғалары мен шатырының жұмыстары біткен соң, ішкі жұмыстарына аудан тарапынан қолдау көрсетілмек.

Қособа елді мекенінде құрылған «Талдыапан» ауылшаруашылық тұтынушылар кооперативінің төрағасы Мақсат Нұғымановтың айтуынша, аналық басқа берілетін субсидия қаражатын ауыл тұрғындары шашу шығармай мектептің құрылысы материалдарын алуды жөн көріпті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, шаруа қожалық жетекшілері де бір кісідей ат салысып, қол ұштарын беруде.

         Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Талдыапан ауылы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале