24.10.2019, 10:21
Оқылды: 168

БҚО-да бата беруден облыстық байқау өтті

Теректі ауданында «Бірлік» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және қолдау көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Батамен ел көгерер» атты облыстық байқау өтті.

terekti (3)

Байқауға Жұмакелді Үмбетәлиев (Тасқала), Меңдібек Өтешов (Жаңақала), Ислянғұл Көшекбаев (Бөрлі ауданы), Бірән Сәлімұлы (Сырым ауданы), Сейілхан Зейнетов (Ақжайық ауданы), Сатыбалды Төлегенов (Бәйтерек ауданы), Оразалы Едирисов (Шыңғырлау ауданы), Сатқан Ахметжанов, Салауат Нарышев (Теректі ауданы) және Орал қалалық мешітінен Айқан Динқуатов қатысты.

terekti (2)

Аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Шарафутдин қатысушыларға сәттілік тіледі. Доданың бірінші бөлімінде 11 ақсақал еркін тақырыпта бір батадан жатқа айтты. Байқаудың екінші бөлімінде ата-бабаларымыздан қалған ұлағатты әңгімелер айтылды. Қазылар алқасы ІІІ орынға теректілік Салауат Нарышев лайықты деп таныды. Ал ІІ орын Бөрлі ауданынан келген Ислянғұл Көшекбаевқа бұйырды. Жүлделі І орыннан Ақжайық ауданының ақсақалы Сейілхан Зейнетов көрінді.

terekti (1)

Барлық қатысушыларға қоғамдық бірлестік атынан алғысхаттар мен естелік сыйлық табыс етілді.

Үміткер Жұмакелдіұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале