6.02.2017, 15:50
Оқылды: 16

БҚО-да қар тұтқынында қалған 70 жолаушы құтқарылды

Akjayik boran    Батыс Қазақстан облысында толассыз жауған қар облыстың тас жолдары бойындағы автокөліктердің қозғалысына қиындықтар тудыруда.

  Облыс аумағында 5 және 6 ақпан күндері қатты желдің салдарынан дауылдық ескерту жарияланды. Ескертулерді елеместен көптеген автокөліктер жолға шығып, жол бойында қар құрсауында қалып қойды.


  Осылайша, 5 ақпан күні Ақжайық ауданының Есенсай ауылы маңында Орал-Атырау тас жолы бойында 12 автокөлік қар құрсауында қалды. Оқиға орнына оларды құтқару  үшін БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының Чапаев ауылында орналасқан құтқару бөлімшесінің 3 құтқарушысы мен аудандық төтенше жағдайлар  бөлімшесінің қызметкерлері барды.

  4 автокөлік Чапаев ауылына жеткізілсе, құтқарушылар қалған көліктердің негізгі жолға шығуына көмектесті, кейін автокөліктер аман-есен көздеген жерлеріне өз бағыттарымен  бет алды.

  Авариялық-құтқару жұмыстары барысында 53 адам құтқарылды, оның 1-еуі сәби және 2-еуі мектеп жасына дейінгі балалар.

  Сонымен қатар, бір мезгілде Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылы маңында да құтқару жұмыстары жүргізілді. Онда, тас жолда 6 жолаушысы бар жеңіл көлік қар құрсауында қалған. Төтенше жағдай орын алған жерге БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы КАМАЗ арнайы техникасымен барды. Қар құрсауында қалған автокөлік пен жолаушылары Шыңғырлау ауылына жеткізілді, зардап шеккендер жоқ.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале