23.04.2020, 16:34
Оқылды: 118

Блокбекеттің жұмысымен танысты

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Шолақаңқаты ауылдық округінің тұсындағы блокбекеттің жұмысымен танысты.

A09C56EB-F410-4FDB-9B01-BF5D535D2A7B

Бұл бекет Жымпиты – Орал бағытындағы ғана емес, Самара – Шымкент халықаралық тас жолы арқылы Сырым ауданының аумағынан өтетін барлық көліктердің қозғалысын қадағалап тұр.

Төлеген Төреғалиев тәртіп сақшыларымен және дәрігерлермен жүздесіп, бекеттің басындағы ахуал, жол бойындағы көлік ағыны туралы сұрады.

90EBE2C7-4DF5-408E-A54A-68A8CFD7A440

Көліктердің бей-берекет қозғалысы тоқтады. Бекеттен тек транзиттік, әлеуметтік маңызы бар тауарларды, пошта тасымалдайтын көліктер, сондай көктемгі далалық жұмысқа кіріскен шаруашылықтардың техникалары өтуде, – деді полиция аға лейтенанты Ербол Тастеміров. Кезекшілер бекеттің басындағы интернет байланысының сапасын күшейту туралы ұсыныс айтты.

AB537E98-864B-4FA4-8B83-74D9AFD4912C

Аудан әкімімен бірге бақылау блогына Сырым ауданының прокуроры Нартай Байменов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Бақтығали Қожахметов және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ләззат Мұқанова барды.

 Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале