Бөкей орда ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов аудан орталығында қолға алынған құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысып, жұмысқа жауапты мердігерлермен кездесті.
Алдымен ауыл кіреберісіне жоспарланған екіпәтерлік үйлердің болашақта орналасу мекенімен танысты. Сонымен қатар, аудан басшысы Нұрберген Мақсотов пен Нұрберген Болатқалиевке жұмыстарын тезірек бастауын тапсырды. Ең бастысы, құрылыстың сапалы болуын талап етті. Қандай ма бір көмек қажет болса, әрдайым жәрдемдесуге дайын екенін жеткізді.
Жоспарланған нысандармен қатар, аудан басшысы бастау алған құрылыс нысандарымен де таныс болды. Бірден бірнеше үй құрылысына жауапты «BB Entertainment» ЖК жетекшісі Сандуғаш Жұмағұлова жұмыс барысымен таныстырды. Ескі үйлердің жерін сатып алып, жаңа үй тұрғызуды шешкен жеке кәсіпкердің ойын аудан әкімі Нұрлыбек Даумов қолдады. Сонымен қатар, аудан басшысы болашақта орын алатын үй құрылысында ескі үйлердің орнына жаңа үй тұрғызуға басымдылық берілу керектігін де айтты.
Анар Артықбай,
Бөкей орда ауданы