13.09.2024, 9:15
Оқылды: 89

Бөкей ордада референдумға дайындық басталды

Бөкей ордасы ауданының басшысы Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысымен және күзгі науқанға әскерге шақыруды ұйымдастыру, алдағы  референдумға дайындық мәселелеріне арналған жиын өтті. Бұл отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері  қатысты.

5D43E923-EB69-458A-87DC-70E0BA79B613

Аталмыш шараның күн тәртібіне сай әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру жөнінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Мақсот Құрамшин баяндап берді. Оның айтуынша, көктемгі шақыруда ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жас буынмен жасақтауға берілген жүктеме бойынша 23 жас әскерге шақырылса, жастарды әскерге қызықтыру, түсіндіру іс-шараларының нәтижесінде 26 адам жіберілді. Шақыру пунктіне  келуден жалтарып жүрген азаматтарды табу мақсатында «Әскерге шақырылушы» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, облыстық, аудандық шақыру пунктеріне 46 адам жеткізілді.

Референдумды ұйымдастыру жұмысы бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашевтің баяндамасы тыңдалды. Халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін республикалық, облыстық, аудандық қоғамдық штабтар құрылды.

Жолдау мен референдумды қолдау бойынша  желілік кесте жасақталып, өткізілетін іс-шаралар тізбегі нақтыланды. Аудан бойынша халықтық штаб құрамына 23 спикер енгізілген.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы аталған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Нұрай Таубай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале