12.08.2026, 20:00
Оқылды: 0

Бөкей ордасы аудандық ТҮКШ бөліміне жаңа басшы келді

Бөкей ордасы ауданы әкімінің өкімімен Асылан Жұмағалиұлы Бижанов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

InShot_20260812_190027848

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов жаңа басшыны ұжымға таныстырып, жауапты саладағы жұмысына сәттілік тіледі.

​1992 жылы туған Асылан Бижанов – электроэнергетика және құқықтану мамандықтары бойынша жоғары білімді маман, отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

Еңбек жолын 2015 жылы аудандық ішкі істер бөлімінде маман болып бастаған. Кейін 2016-2017 жылдары Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман, 2017-2018 жылдары аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде инспектор, 2018-2024 жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші, бас маманы әрі бөлім басшысы лауазымдарын атқарды. Ал 2024-2026 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінде бас маман, 2026 жылдың ақпаны мен тамызы аралығында құжаттарды қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале