12.08.2026, 17:30
Оқылды: 6

Ғасыр куәгері Дорофеев Лев Иванович 100 жаста

Жуырда Ұлы Отан соғысының ардагері, Ақжайық ауылының тумасы Дорофеев Лев Иванович 100 жасқа толды. Бұл атаулы себепке орай аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова майдангердің шаңырағына барып, құрмет көрсетті. Аудан басшысы Лев Ивановичті мерейтоймен құттықтап, ізгі тілек хаты мен сый-сияпатын табыстады.

761946325_3396098227238714_2746215216842814236_n

Сонымен қатар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Қорғаныс министрінің алғыс хатын тапсырса, Орал қалалық мәслихатының депутаттары да ардагерді құттықтап, гүл шоқтарын ұсынды. Мерейтой иесіне өнерпаздар әннен тарту жасап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Атап өтетін жайт, Дорофеев Лев Иванович - Теректі ауданындағы Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері.

 

Қ.Аманжолқызы

Теректі ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале