3.06.2021, 19:23
Оқылды: 81

Бөкей ордасы ауданы әкімі үздіктерді қабылдады

Бөкей ордасы ауданының әкім Нұрлан Рахымжанов үлгілі «Орда гүлдері» би ансамблі түлектерін қабылдады.

үздіктерді 2

Мектеп қабырғасында жүріп, аудандық би ансамблі құрамында үлкен жетістікке жеткен түлектер аудан әкімінің алғыс хатына ие болды. «Орда гүлдері» би ансамблінің түлектері халықаралық «Дарын» фестивалінің, республикалық «Жалынды жас дәурен» фестивалінің Гран-при иегері атанып, бірнеше рет «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалінің жүлдегері болып, аудан атын шығарды.

Шара барысында аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева сөз сөйлеп, түлектерге ақ жол тіледі.

 

Еркебұлан Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале