24.04.2026, 9:00
Оқылды: 8

Бөкей ордасы ауданы: Кітап ұлықталған күн 

Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұжымының ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне арналған ерекше жиын өтті. Бұл мереке кезекті науқанның бірі емес,  зиялылық пен парасат салтанат құрған мереке болды. "Кітап оқу - ұлттың рухани тірегі" деген атпен өткен  шараға мемлекеттік қызметшілер пен полиция қызметкерлері, оқушылар мен ұстаздар, зейнеткерлер мен кітапханашылар, жалпы кітапсүйер қауым қатысты. 
585c97ca-5738-4011-9820-48a47e8294e7
Мәдени шараның шымылдығы  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашевтың құттықтау  сөзімен түрілді. М.С.Бабажанов  атындағы мектеп директоры Фархат Мұқатов  та кітапхана ұжымын кәсіби  мерекелерімен құттықтап,  рухани ағарту  саласындағы еңбектеріне табыс тілеп, сыйлығын тарту етті.
8f492c53-e059-42dc-b07d-f1bfdf8ac0ae
Кеш  кітап дефилесімен, "Оқу, талаптан!" флешмобымен жалғасып, библиомикс шараларына ұласты. Шараға жиналған үлкен-кіші  интеллектуалды ойындарға   белсене қатысып, арнайы сый-сияпаттарға ие болды.
Анар Артықбай, 
суретке түсірген Әділет Абдиров  
Бөкей ордасы ауданы
 
099c3a76-cec1-4474-9183-ba30b7c5195a
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале