6.03.2024, 22:21
Оқылды: 12

Бөкей ордасы ауданы: мәслихатқа 30 жыл

Биыл Қазақстан Респуликасы мәслихаттарының құрылғанына – 30 жыл. Осыған орай достық үйінде Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шараны аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева ашып, жүргізіп отырды.

IMG-20240305-WA0121 (1)

- Тәуелсіздікпен бірге толысып, билік буынымен берік, ел-жұртпен етене қызмет атқарып келе жатқан мәслихаттарға биыл 30 жыл толып отыр. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт болуы мүмкін. Бірақ, өткен күндердің өлшемімен қарағанда, осы уақыт аралығында халық игілігі үшін қаншама қыруар тірлік атқарылғанын аңғару қиын емес. Тәуелсіз еліміздің жалпы мемлекеттік билік жүйесінде мәслихаттардың орны ерекше. Халық қалаулылары ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге белсене араласты. 30 жыл бойы елдің үмітін арқалаған депутаттар ел экономикасының дамып, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған шешімдерді қабылдап келеді. Осы жылдар ішінде сіздер талай жұмыстар атқардыңыздар. Халық пен жергілікті биліктің арасында тығыз байланыс орнатуда сіздердің атқарып отырған еңбектеріңіз ерекше. Осы жылдар ішінде бірнеше әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Елді мекендерге ауызсу, газ құбырлары тартылды. Жолдар жөнделіп, көшелер абат­тандырылуда. Кәсіпкерлік көк­жиегі кеңейіп, жұмыссыздық дең­гейі төмендеді. Міне, осындай оңды істердің бәрінде мәслихат депуттаттарының өзіндік қолтаңбасы жатыр. Алда әлі де атқарар шаруалар көп, - деді Лариса Телманқызы. Сондай-ақ осы 30 жылда елдің дамуына сүбелі үлес қосқан мәслихат депутаттарын әлі де бірігіп жұмыс жасауға шақырып, мәслихат төрағасы барша халық қалаулыларына ізгі лебізін білдірді.

IMG-20240305-WA0123 (1)

Сонымен қатар осы жылдар аралығында қызмет атқарған мәслихат депуттаттары Гүлжан Бисекенова, Қуаныш Елемесов, Тілеген Арыстанбеков те өздерінің құттықтауларын жеткізді.

Ақсәуле Әлжанова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале